«Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды схемасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 9 қазандағы № 185 Жарлығы (2023.17.04. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

 Шаралар кешені сондай-ақ мыналарды қамтуы тиіс:

 шетелдегі этникалық қазақтар үшін Қазақстанның тартымдылығының төмендеу себептерін терең түсіну үшін этникалық көшіп келушілердің, оның ішінде, «оралман» мәртебесін алғандардың және ҚР азаматтығын алғандардың/»оралман» мәртебесінен шыққандардың бейімделуін және интеграциясын мониторингілеу;

 жұмысқа қабылдау және экономиканың кейбір секторларында еңбек қызметін жүзеге асырған кезде, оның ішінде, еңбекақы төлеу бойынша да жергілікті кадрлар мен «экспаттар» үшін тең жағдай жасау;

 жоғары білімде отандық білім беру нарығын дамыту, кету проблемаларын шешу үшін оның бәсекеге қабілеттілігін және Қазақстаннан білім алу мақсатында сыртқа көшіп қолжетімділігін арттыру.

 Ағымдағы демографиялық ахуалды талдау перспективада елдің бірқатар өңірлері еңбек ресурстарының босатылуы және салааралық ауысуы проблемасына тап болатынын көрсетеді. Осы мақсатта білім беру жүйесінен жаңа білікті кадрларды тарту, сондай-ақ кадрларды қайта мамандандыру және қайта оқыту арқылы кадрларды даярлау жүйесін нарықтың жаңа талаптарына қайта бағдарлау жөнінде шаралар қабылдау талап етіледі.

 Агломерация мен ФҚА-да халықтың еңбек ұтқырлығын ынталандыру талап етіледі.

 Ауыл шаруашылығында кадрларды босату проблемасы әр өңірде еңбек нарығының ерекшеліктерін және бағалануын ескере отырып, шешілуі тиіс.

 Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ жаппай кәсіпкерлікті дамыту және тиісті мемлекеттік қолдау көрсету есебінен шешілуі тиіс.

 Елдің әлеуметтік саясатының перспективадағы маңызды бағыты бала күту кезеңінді әйелдерді, көпбалалы отбасыларды және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету болып қалады.

 Жоғарыда аталған міндеттерді шешу үшін 2030 жылға дейінгі базалық (ұлттық) демографиялық саясатты қалыптастыру арқылы әлеуметтік-демографиялық процестердің тиімді реттелуін қамтамасыз ету қажет.

 

1.3. Елді аумақтық-кеңістікте дамытуға әсер ететін сын-қатерлер мен үрдістерді талдау

 Әлемнің барлық елдері жаһандық және өңірлік факторлардың әсеріне ұшырайды. Қазақстан интеграциялық бірлестіктер шеңберінде жаһандық үрдістерді сыртқы сын-қатер ретінде, сонымен бірге елдің әлемдік нарықтардағы ұстанымын күшейтуге арналған мүмкіндіктер ретінде қарауға тиіс.

 Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамада, Стратегиялық жоспар-2025-те көрсетілген мегатрендтерді ескере отырып, елді аумақтық-кеңістікте дамытуға әсер ететін сын-қатерлер мен үрдістер анықталды.

 Жаһандық сын-қатерлер мен үрдістердің әсері ел мен өңірлерді дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындауда ескеріледі.

 

 Климаттың өзгеруі

 Климаттың өзгеруі әлемнің барлық елдері үшін орны толмас жаһандық зардаптарға әкеп соғады. Жаһандық жылыну, ауаның, топырақтың және су ресурстарының ластануы - осының барлығы адамдарды қоныстандырудың қалыптасқан жүйесіне және әлемдік сауда конъюнктурасына түбегейлі әсер етеді.

 Адамдар мен экономика үшін климаттың өзгеру тәуекелдерін мойындай отырып, «жасыл» экономиканы дамыту және қоршаған ортаны қорғау жөнінде шаралар қабылдау қажет. 7-ші Ұлттық хабарламаға сәйкес ауаның орташа жылдық температурасының 2030 жылға қарай 1,5-1,7°С және базалық кезеңге қарағанда (1980-1999 жылдары) 2050 жылға қарай 2,4-2,6°С шегінде артуы күтіледі.

 2030 жылға қарай Қазақстанның су ресурстарының көп жылдық орташа көлемінің 72,4 км-ға3 дейін азаю қаупі бар (қазіргі уақытта 100,5 км3).

 Осы климаттық өзгерістер ауыл шаруашылығының дамуына және оның өнімділігіне, сондай-ақ халықтың денсаулығына, ауызсумен қамтамасыз етуге әсер етеді. Осыған байланысты экономиканың басым секторларын орын алып жатқан климаттың өзгеруіне бейімдеу жөнінде шаралар қабылдау қажет.

 Су ресурстарының шектеулігіне байланысты Қазақстан үшін трансшекаралық өзендердің суын бөлу, сондай-ақ кейіннен ережелерді әзірлеу, халықтың, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің мұқтаждықтары үшін өзендер мен көлдердің су бассейндерін теңгерімді пайдалануды реттеу мәселесі өте маңызды. Ұзақ мерзімді перспективада судың көп жұмсалуын талап ететін өнеркәсіп салаларын, атап айтқанда тау-кен металлургия кешені мен көмір энергетикасын дамытуды шектеу ең үлкен тәуекел болып табылады.

 Өңірдің барлық елдеріне қатысы бар және Еуразияның экологиясына әсер ететін Арал теңізінің проблемасы өзекті болып қалуда. Осыған байланысты өңірдің барлық мемлекеттері тарапынан экологиялық тұрақтылық пен инвестициялардың тұрақтылығын қамтамасыз етуді ескере отырып, су шаруашылығын реттеу тетіктерін дамыту қажет.

 Жердің шөлейттену проблемасының ушығу қаупі бар. Ұзақ мерзімді перспективада дүлей зілзалалардан, оның ішінде су тасқынынан теріс салдарлардың күшеюі мүмкін.

 Ел аумағы су тасқыны, сел, қар көшкіндері, опырылу, жер сілкінісі, орман өрттері сияқты және тағы басқа төтенше жағдайлардың алуан түрлеріне бейім.

 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан халықты қорғау мақсатында ұйымдастыру-профилактикалық және инженерлік-техникалық іс-шараларды іске асыру қажет. Шаралар дүлей зілзалаларға, оның ішінде маусымдық су тасқындарына, селдерге, көшкіндерге, өрттерге, жер сілкіністеріне, елдің барлық аумағындағы төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарына қарсы іс-қимыл инфрақұрылымын дамытуға бағытталуға тиіс. Сондай-ақ тұрғындарға уақтылы ескертуге мүмкіндік беретін және геоақпараттық жүйе мен радар сияқты жоғары технологияларды пайдалана отырып, күтпеген салдарларға дайындалуга мүмкіндік беретін, дүлей зілзалалардың, оның ішінде су тасқыны қатерін болжау жүйесін жетілдіру мәселесін қарау қажет.

 Қазақстан экономикасына экономиканың шамадан тыс энергия сыйымдылығы тән, ол бар инфрақұрылымды жаңғыртуды және елдің энергия үнемдеуде және энергия тиімділігінде әлеуетін толық пайдалануды талап етеді.

 «Жасыл» экономика жаңа жұмыс орындарын құруды, оның ішінде ауылдық жерлерде жандандыратын сектор ретінде үлкен әлеуетке ие. Жаңартылатын энергетика дәстүрлімен салыстырғанда 3 есе көп жұмыс орындарын құрады11. Бұл ЖЭК-ті дамытудың экономикалық және экологиялық пайдасы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік пайдасы да бар екенін дәлелдейді. ЖЭК жөніндегі халықаралық агенттіктің (ІКЕКА12) болжамына сәйкес 2030 жылға қарай әлемде таза энергетика секторында 24 млн адам жұмыспен қамтылатын болады13.

 

 Экономикалық жаһандану

 Протекционизм, таланттар үшін күресті күшейту, сондай-ақ сауда қақтығыстары әлемдік экономикаға елеулі жаһандық сын-қатерлерді тудырады.

 Қазақстанды қоса алғанда, әлемнің әрбір елі үшін ұлттық экономиканың, оның өңірлері мен қалаларының жаһандық бәсекеге қабілеттілігі мәселесі өзекті болып тұр. Аумақтық-кеңістікте дамыту - бұл тікелей шетелдік инвестициялар ағынын ынталандыратын маңызды процестер, көлік, ауыл шаруашылығы және қоршаған орта сияқты салалардағы саясатты үйлестіру.

 _________________________

 11 https://www.e2.org/wp-content/uploads/2019/04/Е2-2019-Clean-Jobs-America.pdf

 12 Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі хапықарапық агенттік (ІКЕЫА)

 13 https://www.irena.org/DocumentDownloads/Publications/IRENA_RE Jobs_Annual_Review_2017.pdf

 Standard Chartered14, Bloomberg15 болжамдарына сәйкес 2030 жылға қарай Азияның үлесі әлемдік ЖІӨ-нің 35%-ін құрайтын болады. Қазақстанның осы нарықтарға географиялық жақындығына байланысты Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі - ЕАЭО) шеңберіндегі интеграциялық процестер тұрғысынан жаһандық өндірістік-өткізу тізбегіне интеграциялану қажет.

 ЕАЭО шеңберіндегі интеграция Қазақстан экономикасына, оның ішінде өзара саудада экспорттық кедендік баж салығы мен өзге де шектеулерді қолданбауды көздейтін газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын құру кезінде ықпал етеді.

 Қазақстан үшін ЕАЭО шеңберінде қазақстандық тауарлардың ЕАЭО-ға мүше елдердің нарықтарына кіруі үшін әкімшілік кедергілер мен басқа да шектеулерді жою бойынша сын-қатерлерді шешу қажет.

 Қазақстанда «Белдеулер мен жолдар» бастамасы16 шеңберінде транзиттік инфрақұрылым объектілерін басқару саласында екі көлік бағыты үлкен мүмкіндік береді: контейнерлік «Украина - Болгария - Грузия - Әзербайжан - Қазақстан - Қытай» және «РФ-Қызылорда - Шымкент - Алматы - Үрімші» автомагистралі. Сондай-ақ Еуропада қытай тауарларына сұраныстың ықтимал қысқаруының теріс салдарын және инфрақұрылымдық объектілерді күтіп- ұстауды ескеру қажет.

 Қазақстан үшін ұзақ мерзімді перспективада жаһандану процесінің баяулауы тартылатын шетелдік инвестициялар көлемінің, технологиялар трансфертінің төмендеуіне және тауар айналымының қысқаруына әкеп соғуы мүмкін.

 Өзбекстанның көршілес елдермен өзара қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған жаңа экономикалық саясаты шекара маңындағы өңірлердің және бірқатар салалардың дамуына әсер етуі мүмкін. Шетелдік инвестициялар, білікті кадрлар, тауарларды өткізу нарықтары үшін бәсекелестік күшейеді деп күтілуде.

 Өңірлік интеграцияны күшейту, ең алдымен, Орталық Азия елдерінен көші-қон ағындарын жандандыруға ықпал етеді, бұл Қазақстанның көші-қон саясатына ерекше талаптар қояды.

 Экономикалық, азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан Қазақстан үшін азық-түлік саласындағы импорт үлесінің жоғары болуы қауіп-қатер болып қала береді, бұл өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ескере отырып, ұлттық мүдделерді қорғау жөніндегі жүйелі шараларды талап етеді.

 

 Төртінші өнеркәсіптік революция

 Төртінші өнеркәсіптік революция жаһандық экономиканың құрылымын өзгертеді және жаңа технологиялық мүмкіндіктер мен ғылымның тұтас бағыттарын ашады.

 _____________________________

 14 Standard Chartered - каржы қызметтерін көрсететін трансұлттық корпорация

 15 Bloomberg - қаржы нарықтарының кәсіби қатысушыларына қаржылық ақпараттың жетекші жеткізушілерінің бірі

 16 ҚХР-ның 2010 жылдары алға тартқан «Жібек жолы экономикалық белдеуі» және «XXI ғасырдың теңіз Жібек жолы» біріккен жобаларының ұсынысы

 Цифрландыру, технологиялық платформалардың өзгеруі өнеркәсіптің дәстүрлі салаларына елеулі әсер етеді, төмен және орташа білікті кадрларды роботтармен алмастырады.

 Жақын болашақта жасанды интеллект тұрмыстық және қоғамдық өмірде таптырмайтын опция болады. Сонымен қатар жаһандық күн тәртібінде адами капитал мен киберқауіпсіздікті дамыту мәселелері өзекті болып отыр. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ықпалының өсуі, ғылымды қажетсінетін өнеркәсіп және көрсетілетін қызметтер секторларындағы ғылыми зерттеулер, сондай-ақ Big Data17 технологиялары ғылымның жаңа бағыты - білім экономикасын қалыптастырды.

 Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында Қазақстан үшін халықтың өмір сүру сапасын және қоршаған ортаны жақсарту мақсатында жүйелі түрде жаңа технологияларды енгізу қажет.

 «Smart City» қағидалары халықтың мұқтаждығын неғұрлым дәл бағалауға және тиісінше шығыстарды қысқарту, тәуекелдерді төмендету және азаматтардың күнделікті орын ауыстыруы мен өзара іс-қимылын жеңілдету арқылы экономиканың өсуін жеделдетуге ықпал етуге мүмкіндік береді.

 Ұзақ мерзімді перспективада жаңа материалдарды қолдану қара және түсті металлургия өніміне сұранысты түбегейлі төмендетуі мүмкін.

 Жаңа кадрларды даярлау, қайта даярлау есебінен қолдау қажет еңбек нарығындағы теңгерімсіздік технологиялық прогрестің теріс әсеріне айналуы мүмкін.

 

 Демографиялық сын-қатерлер

 Урбандалу және көші-қон жаһандық ауқымда күшеюде. Жаңа технологияларды енгізу және оның ауқымының әсері өңіраралық және трансшекаралық көші-қон көлемінің өсуіне алып келеді. Атап айтқанда, бүкіл әлемдегі трансшекаралық мигранттардың саны 250 млн адамға дейін үш еседен көп өсті.

 Бұл ретте 2030 жылға дейін ірі қалалар мен агломерацияларда халықтың едәуір өсуі күтілуде. Қалалар әлемдік ЖІӨ-нің 70%-тен астамын және жаңа жұмыс орындарын құруда осыған ұқсас үлесті қамтамасыз етеді.

 Дамыған елдерде халықтың азаю және қартаю үрдісі байқалады, ал көптеген дамушы елдерде бала туу көрсеткіші жоғарылауда.

 Халық санының өсуі тамақ өнімдеріне, су ресурстарына, энергия тасығыштарға сұраныстың артуына әкеп соғады. Бұл Қазақстанға әлемдік экономиканың сұранысын қанағаттандыру үшін өз әлеуетін пайдалану мүмкіндігі болып табылады.

 Қазақстанда еңбекке қабілетті халыққа түсетін демографиялық жүктеме артады, оның үлесі ең алдымен зейнеткерлік жастағы халықтың көбеюі есебінен төмендейді. Бұл экономикалық даму, өмір сүру сапасының жақсаруы және өмір сүру ұзақтығының артуы аясында болады.

 ________________________

 17Big Data - ауқымды деректерді өңдеу технологиясы

 Бұл ретте «күміс экономика» тұжырымдамасы шеңберінде қарт адамдарға арналған тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірушілері жаңа өсу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Әлемдік ауқымда «күміс экономика» миллиондаған қосымша жұмыс орындарын құрып, ЖІӨ-ні 2-2,5%-ке ұлғайтады (Accenture18 и Oxford Economics19 компанияларының есептеуінше).

 

 

2-бөлім. Аумақтық - кеңістікте дамыту бағыттары

 

2.1. Қазақстан Республикасын аумақтық-кеңістікте дамытудың мақсаты мен міндеттері, негізгі тәсілдері

 Болжамды схема Стратегиялық жоспар-2025-ті іске асыру мақсатында әзірленгенін ескере отырып, жеті реформа шеңберіндегі барлық бастамаларға талдау жасалды.

 Талдау барысында Болжамды схемада көрініс тапқан аумақтық-кеңістікте, өңірлік аспектісі бар бастамалар анықталды.

 Болжамды схеманың мақсаты - ел өңірлерін дамыту әлеуетін іске асыру негізінде халықтың әл-ауқатын арттыру үшін жағдай жасау.

 Болжамды схеманы әзірлеу мынадай қағидаттарға негізделеді:

 1) шекара маңы ынтымақтастығына және экономикалық интеграция нысандарына қарамастан, елдің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету;

 2) экономикалық өсу мен қоршаған ортаны қорғауды үйлестіру - өмір сүру сапасының базалық стандарттары экожүйенің сақталуын және экологиялық талаптардың сақталуын ескере отырып, елдің барлық аумағында қамтамасыз етілуге тиіс;

 3) «адамдар - инфрақұрылымға» моделін ескере отырып, халықты қоныстандыру құрылымының ұтымдылығы - ішкі және сыртқы байланыстарды жақсарту мақсатында экономикалық әлеуеті мен даму перспективалары бар елді мекендерде экономикалық жағдайлар жасау, оның ішінде ӘАҚ-ты жетілдіру есебінен (ірілендіру, біріктіру, қайта бағындыру) жағдай жасау;

 4) өңірлердің даму басымдықтарын таңдаудағы дербестігі, бұл өндіріс факторларын жұмылдыру және төменгі бастамаларды «төменнен-жоғарыға» келтіру арқылы өңірлердің әлеуетін жандандыруды білдіреді. Өңірлердің дербестігі өңірлік және жергілікті маңызы бар мәселелерді, оның ішінде бизнесті қолдауға, инвестицияларды тартуға, жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, инфрақұрылымды дамытуға және кадрлық ресурстарды басқаруға қатысты мәселелерді шешу болып табылады. Қорғаныс қабілеттілігін және ұлттық қауіпсіздікті, заңдылық пен құқық тәртібін, бірыңғай салық, бюджет, көлік-коммуникация, энергетика және әлеуметтік саясатты және басқаларын қамтамасыз ету сияқты стратегиялық мәселелер республикалық деңгейде сақталады. Бұл ретте, ірі инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері міндетті тәртіпте Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісілетін болады.

 _____________________________

 18 Accenture - жаһандық компания, кәсіби кызметтер мен цифрлық технологиялардың әлемдік нарығындағы көшбасшылардың бірі

 19 Oxford Economics - ағылшын консалтингтік компаниясы, жаһандық болжау және цифрлық талдау саласындағы көшбасшы

 Осы қағидаттарды іске асыру үшін аумақтық-кеңістікте дамытудың мынадай тәсілдері пайдаланылады:

 1) басқарылатын урбандалуды ескере отырып, «өсу нүктелерін» дамыту;

 2) өңірлік стандарттар жүйесі негізінде өңірлерде базалық өмір сүру сапасын қамтамасыз ету.

 

 1-тәсіл. Басқарылатын урбандалуды ескере отырып, «өсу нүктелерін» дамыту

 Әлемдік экономикалық дамуды талдау кіріс пен өндіріс деңгейіндегі аумақтық сәйкессіздік болмай қоймайтынын және экономикалық өсудің біркелкі еместігінің салдары екенін көрсетеді. Табысты даму тәжірибесі ол өндірістің аумақтық шоғырлануы жағдайында болатынын мәлімдейді.

 Бұл тәсілдің мәні «өсу нүктелерін» дамыту бойынша қабылданатын шаралар экономикалық белсенділіктің, экономикалық интеграция есебінен әл-ауқаттың қалған аумақтарға «ауысуы» орын алады.

 «Өсу нүктелерінде» таланттарды тарту және олардың өмір сүруі үшін тартымды жағдайлар жасалуға тиіс.

 Бюджеттік шектеулер жағдайында еңбек, қаржы және ондірістік ресурстарды «өсу нүктелерінде» - ФҚА шеңберінде агломерацияларда, қалаларда, тірек және АЕМ-де шоғырландыру қажет.

 Алдағы онжылдықта Қазақстанды аумақтық-кеңістікте дамыту экономикалық және демографиялық тығыздықты арттыруға бағытталуға тиіс.

 Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі - ЭЫДҰ) әдістемесіне сәйкес «өсу нүктелері» дегеніміз ФҚА20 форматындағы нақты елді мекендерді білдіреді, Қазақстанда олардың саны - 18, бұл негізінен ірі, үлкен қалалар және күнделікті еңбек көші-қоны аймағына кіретін басқа да елді мекендер (18 ФҚА-дағы халық саны 11,2 млн адамға жуық).

 Моно- және шағын қалаларға қатысты әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетіне бағалау жүргізіледі. Ірі агломерациялардың ықпалындағы моно- және шағын қалалар осы агломерациялардың экономикалық жүйелері шеңберінде қаралады.

 ФҚА-ның шеткі аймағында өндірістің оқшаулану есебінен ірі және шағын қалалар арасында экономикалық интеграциялану әлеуеті бар.

 «Басқарылатын урбандалу» саясаты ауыл халқының қалаға жаппай кетуінің алдын алу шараларын («адамдар инфрақұрылымға» қағидаты) қабылдаудан тұрады. Осыған байланысты жер ресурстарын кешенді басқару және көліктік жоспарлау, халық пен бизнестің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымға инвестиция салу, «жасыл» технологияларды қолдана отырып, жасыл аймақтарды кеңейту сияқты құралдар пайдаланылатын болады. Ұзақ мерзімді перспективада урбандалу деңгейін ұлғайту көрсетілетін қызметтер секторының экономикаға үлесін кеңейтуге, сондай-ақ жұмыс орындары санының тұрақты өсуін қамтамасыз ететін көрсетілетін қызметтердің жаңа түрлерін құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қызметтер секторын дамыту экономиканың басқа секторларынан босатылған жұмыскерлерді, сондай-ақ еңбек нарығына алғаш кіретін жас мамандарды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді.

 ________________________

 20 Функционалдық қалалық аудан - өңірлік деңгейдегі агломерациялық құрылымдардың аналогы. Бұл ретте ФҚА: а) кемінде 100 мың адам халқы бар және тығыздығы кемінде 1 ш.м. 1000 адамнан келетін (бұл ретте басқа ФҚА бөлігі немесе моноқала болып табылмайтын) өзек - қала; б) жұмыс істейтін халықтың кемінде 15%-і өзек-қалаға күнделікті маятниктік көші-қонға қатысатын айналадағы елді мекендерді біріктіреді

 «Өсу нүктелерін» дамыту стратегиясы дамыған және табысты дамушы елдерде, оның ішінде ЕО елдерінде, Оңтүстік Корея, ҚХР, Малайзия, Сауд Арабиясы және тағы басқа іске асырылды.

 

 2-тәсіл. Өңірлік стандарттар жүйесі негізінде өңірлерде базалық тұрмыс сапасын қамтамасыз ету

 Аумақтық-кеңістікте жоспарлау өңірлердің экономикалық мүмкіндіктеріне қарамастан, білім беру мен денсаулық сақтауды, қоғамдық қауіпсіздікті, сапалы ауыз суға, электр энергиясына, Интернет желісіне қол жеткізуді, сондай-ақ таза қоршаған ортаны қоса алғанда, орнықты дамуды және өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады.

 Өңірлік стандарттар жүйесі шеңберінде әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділіктің, қалалық және ауылдық елді мекендер үшін көліктік, мәдени-спорттық, іскерлік, өндірістік, цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етудің нақты талаптары мен көрсеткіштері көзделеді.

 Қажеттіліктердің өсуін ескере отырып, қалалық жерлер үшін өңірлік стандарттардың көрсеткіштері ауылдық жерлерге қарағанда көбірек салаларды қамтитын болады.

 Өмір сүру сапасының жоғары стандарттары қалаларға шекаралас мемлекеттердің басқа экономикалық орталықтарымен бәсекелесуге мүмкіндік береді.

 Халық саны аз АЕМ-нің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетінің төмендігі қымбат тұратын инфрақұрылымды жүргізу орынды емес екендігін көрсетеді.

 Осыған байланысты халықты базалық қызметтермен қамтамасыз етудің аз шығынды, инновациялық тетіктерін қолдануды ынталандыру қажет, бұл тұрмыс деңгейінің базалық көрсеткіштерін аумақ бойынша теңестіруге ықпал етеді. Мысалы, АЕМ-ді ауызсумен қамтамасыз ету үшін блок-модульдерді пайдалана отырып, жерасты суларының әлеуетін барынша пайдалану. Шалғайдағы, халық саны аз АЕМ-ді, фермерлік шаруашылықтарды энергиямен қамтамасыз ету үшін ЖЭК-ті (күн батареялары, гибридті қондырғылар және тағы басқа) қолданудың әлеуеті зор.

 Ауылдық аумақтарды одан әрі дамыту жергілікті өзін-өзі басқаруды тиімді дамытпай, жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық дербестігін арттырмай мүмкін болмайды. 2020 жылдан бастап аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде барлық жерде дербес бюджетті енгізу жоспарлануда.

 Бірқатар ауылдық округтерде дербес бюджетті енгізу үшін экономикалық базаның болмауы өңірлерде базалық өмір сүру сапасын қамтамасыз ету үшін кедергі болуы мүмкін. Мәселен, талдау нәтижелері21 бойынша, ауылдық округтердің барлығына бірдей дербес бюджетті енгізген орынсыз, өйткені экономикалық перспективалар жоқ - халық саны аз, көші-қон ағыны, шаруашылық жүргізуші субъектілер және салық салынатын база жоқ. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар «әлсіз күштіге» қағидаты бойынша әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен ауылдық округтерді жақын ауылдық округтердің қарамағына қосып ірілендіру қажет.

 Халықтың базалық өмір сүру сапасын қамтамасыз етуге бірқатар функцияларды жергілікті деңгейге беру бөлігінде өкілеттіктерді орталықсыздандыру, оның ішінде ауылдық округ әкімі аппаратының жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу бойынша өз функцияларын жүзеге асыруына ықпал ететін коммуналдық ұйымдарды құру бойынша құқық беру де ықпал етеді.

 Фискалдық орталықтан алу шеңберінде салықтардың, алымдардың және басқа да міндетті төлемдердің бір бөлігін басқаруды жергілікті деңгейге беру қажет. Бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру, трансферттерді, субвенцияларды бөлу де салық салынатын базаны кеңейту үшін ішкі ресурстарды пайдалануға өңірлерді ынталандырады.

 Өңірлерде базалық өмір сүру сапасын қамтамасыз ету тәсілі Аустралия, Бразилия, Канада және Үндістан сияқты елдерде де қолданылды.

 Тұтастай алғанда, аумақтық-кеңістікте дамытудың жаңа тәсілдері қалалар мен шалғайдағы аудандардағы өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.

 Төмендегі міндеттерді шешу кезінде осы тәсілдерді қолдану Болжамды схеманың мақсатына қол жеткізудің қажетті шарты болып табылады.

 1-міндет. Бәсекелестік артықшылықтар мен перспективаларды ескере отырып, өңірлер мен қалаларды, ауылдық және шекара маңындағы аумақтарды дамыту

 Алдағы онжылдықта өңірлердің экономикалық күрделілігін арттыру және бәсекеге қабілетті экспортқа бағдарланған мамандануын қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі болады.

 Ол үшін өңірлерде мамандандырылған факторларды, оның ішінде, ғылымды, технологияларды және инновацияларды дамыту есебінен мамандандыруды бұдан әрі тереңдете отырып, базалық салалардың әлеуетін іске асыру бойынша шаралар қабылданады.

 Бұл аумақтық-кеңістікте ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін қолдануды талап етеді. Әлемдік үрдіс қазіргі заманда жекелеген қалалар мен жоғары

 ________________________

 21ҚР ҰЭМ «Экономикалық зерттеулер институты» Акционерлік қоғамының 2017 жылы жүргізген «Өңірлік саясатты жетілдіруді сараптамалық-талдамалық сүйемелдеу, оның ішінде жергілікті басқару мәселелері» атты зерттеу нәтижесінен урбандалған аумақтар экономикалық өсудің және адами капиталды дамытудың драйверлері екенін көрсетеді.